Маңғыстау облысында жол-көлік қозғалысы енді дронмен бақыланады

142

Ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін болады.

Маңғыстау облысында жол-көлік қозғалысы енді дронмен бақыланады Фото: 35sokolskij.gosuslugi.ru

Маңғыстау облысының полиция департаменті республикалық трассалар мен өңірлік автожолдардағы жол жағдайын бақылау үшін дрондарды пайдаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, жылдамдықты асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер анықталады.

Бұл жол қауіпсіздігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу