Маңғыстау облысында жыл басынан бері 600-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелді

527

Алаяқтық пен қаржы пирамидалары бойынша деректер Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданында жиі кездеседі.

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 600-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелді

Маңғыстауда соңғы сегіз айда 607 алаяқтық қылмыс тіркелген. Олардың басым бөлігі нақты қызметі жоқ қаржы ұйымдарына қатысты болды.

"Тіркелген қылмыстық істерге талдау жүргізу барысында халықтың көпшілігі банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері кейіпінде соққан қоңыраулардан, интернет сайттарда тауарға тапсырыс беру кезінде алданатыны анықталды.  Инвестициялық саламен байланысты ұйымдардың сайты кәсіби деңгейде емес, арзанқол болады. Сайтта жарғылық құжаттар, басшылық туралы мәліметтер болмайды", – деді Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Амангелді Досжанов.

Енді Ақтауда алаяқтықтың алдын алу шарасы күшейтілмек. Адам көп шоғырланған жерлерде 13 LED-экранда профилактикалық сипаттағы бейнебаяндар көрсетіледі. Орталық көшелердің бойына орнатылған дауыс зорайтқыштар арқылы алаяқтардың әрекетінен сақтану туралы кеңес айтылады. Тұрғындарға құқықтық сипаттағы смс-хабарламалар жіберіледі.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу