Маңғыстау облысында жыл басынан кәмелетке толмаған 97 қыз босанған

258

Олардың ешқайсысы сәбиден бас тартпаған. 

Маңғыстау облысында жыл басынан кәмелетке толмаған 97 қыз босанған Фото: freepik

Маңғыстау облысында биылғы 11 айда 97 жасөспірім қыз босанды. Тағы үшеуі жүктілігін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, ешбірі сәбиден бас тартпаған. Алайда ересек әйелдер арасында жаңа туған нәрестеден бас тартудың екі дерегі тіркелді.

"Былтыр 14 пен 18 жас аралығындағы 113 кәмелетке толмаған қыз босанды. Егер кәмелетке толмаған қыз босанатын болса, онда біз оның жанында міндетті түрде анасының немесе әпкесінің қатысуын талап етеміз. Психолог та олармен тығыз жұмыс істейді. Талдау нәтижесі осындай жағдай кезінде қиындық болмайтынын көрсетіп отыр", – деп хабарлады орталық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу