Маңғыстау облысында жылына 150 тонна қызанақ өсіріледі

1057

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында түрік технологиясымен қызанақ өсіруге арналған жылыжай іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Маңғыстау облысында жылына 150 тонна қызанақ өсіріледі

Жалпы ауданы 1 гектарды құрайтын жылыжай жылына 150-160 тонна көкөніс береді деп жоспарлануда. Инвестициялық жобаның құны- 400 млн. теңге. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, 20 ауыл тұрғыны тұрақты еңбекке араласты.

"Маңғыстау облысында азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Алдағы уақытта жылыжайдағы өнім көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша, мамандар жылдың төрт мезгілінде облыс тұрғындарын толықтай қызанақпен қамтитын болады", - деді аудан әкімі Тілек Көшмағамбетов.

Айта кетейік, қызанақ өсіруге арналған жылыжай осы аудандағы алғашқы тың жоба.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу