2017 жылы шілденің 17-нен 18-не қараған түні Маңғыстау облысының Құрық ауылында атыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД хабарлады.
Атыс салдарынан 20-23 жас аралығындағы алты адам жарақаттанған. Оқ бытыралы мылтықтан (дробовик) атылған. ІІД мәліметінше, жарақаттанғандардың үшеуі аудандық ауруханаға жатқызылды. Ал қалған үшеуі өте ауыр жағдайда Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді.
"20, 22 және 23 жастағы тұрғындар көптеген оқ жарақаттарымен сағат түнгі 00:30-да Құрықтан облыстық емханаға жеткізілді. Үшеуіне жедел түрде ота жасалды. Зардап шегушілер кеуде тұсынан, аяқ-қолдарынан жарақат алған. Олардың бірі өте ауыр жарақаттармен келіп түсті. Ол жансақтау бөлімінде жатыр", — деді емхана өкілі Мұхамеджан Нұрғазиев.