Маңғыстау облысындағы ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды

384

Жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлерге берілуі керек ақшаны төлемеген. 

Маңғыстау облысындағы ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды Фото: gov.kz

Маңғыстау облысындағы Ақжігіт ауылының әкімі тәртіптік жазаға тартылды, деп жазады inbusiness.kz облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылының әкімдігі 4 кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу келісім-шартында көрсетілген 747 мың теңгені негізсіз төлемеген.

"Төлем жүргізілмеудің басты себебі ретінде Ақжігіт әкімдігінің лауазымды тұлғасының қаржы аудару операциялары кезінде арнайы бағдарламаларды ауыстырып алуымен түсіндірген. Департаменттің араласуы нәтижесінде әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге көрсеткен қызметтері үшін берешек толық төленді", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Ақжігіт ауылының әкімі Айбол Дүйсенбаев қызметке өткен жылдың қазан айында келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу