Маңғыстау облысындағы кен орнында газ-су қоспасы ауаға тарады

164

Бүгін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан Varro Operating Group ЖШС-нің "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымасында авариялық жағдай орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысындағы кен орнында газ-су қоспасы ауаға тарады Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

Өңірдегі ТЖД таратқан дерекке қарағанда, ұңғымадан газ-су қоспасының өртсіз шығуы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта ұңғыманың трубалық кеңістігінен газ-су қоспасының шығуы жалғасып жатыр.

Апат салдарын жою үшін оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 техникасы, 32 қызметкері және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Сонымен қатар:

  • "Ақберен" ЖШС,
  • "Оңтүстік мұнай сервис" ЖШС,
  • "Nobilis Corp" ЖШС,
  • "Varro Operating Group" ЖШС-нің күштері мен құралдары тартылды.

Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу