Маңғыстау облысында колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған

264

Қазір тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Маңғыстау облысында колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған Фото: canva.com

Маңғыстау облысы прокуратурасы техникалық колледждің қызметіне тексеріс жүргізді. Тексеріс кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару деректері анықталды.

Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу