Маңғыстау облысындағы "Тасмұрын-Мәстек" жолында мәселе көп

589

Өңірдегі жолдардың жай-күйін бақылатын уәкілетті мекеме қызметкерлері  "Шетпе-Қызан" жолының қазіргі ахуалын көрді.

Маңғыстау облысындағы "Тасмұрын-Мәстек" жолында мәселе көп Фото: inbusiness.kz

Ұлттық сапа орталығы инженерлерінің мәліметінше, аталған трассаның 49-85 шақырымы, яғни "Тасмұрын-Мәстек" аралығындағы жолдың бірнеше бөлігінде терең жарықшақ пайда болып, асфальт жабындысының ісінуі, үгілітілуі мен қабыршақтануы орын алған. Асфальт бетінде шұңқырлар пайда болған. 

"Осы жолдағы асфальт жамылғысының жоғарғы қабатынан, яғни ыстық тығыз ұсақ түйірлі асфальтобетоннан бірнеше сынама алынып, олардың тығыздалу коэффициентін тексердік. Нәтижесінде сумен қанықтыру мен тығыздалу коэффициент көрсеткіштері нормативті құжаттар талабына сәйкес болмай шықты. Жол құрылысының сапалы аяқталуы жіті назарымызда болады", - деді ҚР ИИДМ "Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы" РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Хамзат Сұлтанов.

Жыл соңына дейін Маңғыстау облысында республикалық маңыздағы жолдардың 165,2 шақырымында жөндеу жасалады деп жоспарланған. Соның ішінде жалпы ұзындығы 64 шақырымдық 2 обьекті күрделі жөндеуден, ұзындығы 101 км болатын 1 обьекті орташа жөндеуден және жалпы ұзындығы 847 шақырымнан асатын 4 автомобиль жолында күтіп-ұстау жұмыстары атқарылады.  

"Биыл облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, елдімекендер мен қала көшелері жолдарының 238 шақырымы қалпына келтіріледі деп күтіледі. Соның ішінде 66 шақырым жол қайта жаңғыртылады. 76 шақырым жолда құрылыс жүргізіліп, тағы 96 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Қазіргі таңда 36 нысанда жұмыс жүріп жатыр. Жасалған келісімшарт негізінде жөндеуден өтетін барлық нысан тексеру жұмыстарымен толықтай қамтылуда. Айталық, 2023 жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша материалдар мен жұмыстар сапасын сараптау үшін 251 рет қадағалау шарасы өткізілді", - деді Хамза Сұлтанов. 

Жолдардың сапасын тексерушілер жол белгілері мен жол таңбаларының да талапқа сай болуын қадағалайды. Биыл Ақтауда шағын аудандарда жол белгілерінің жарық қайтару коэффициентері тексерілген. Сондай-ақ, мамандар "Таушық-Қияқты" жолының 89-154 шақырым аралығында жол таңбаларын қарап, ақаулық жоқтығына көз жеткізді. Қазіргі уақытта "Ата жолының" 97 шақырымға дейінгі аралығы жол таңбаларының жарық қайтарғыштық қабілеті бар арнайы құралымен тексеріліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу