Маңғыстау облысында үш күнде 250-ге жуық заңсыз мигрант анықталды

591

"Заңсыз-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 248 шетелдік азаматты жауапқа тартты.

Маңғыстау облысында үш күнде 250-ге жуық заңсыз мигрант анықталды Фото: Маңғыстау облысы ПД

Маңғыстау полициясы 19-25 маусым аралығында өңір аумағында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. 

"Бұл шараның мақсаты- көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Іс- шараның алғашқы үш күнінде көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 319 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Көп жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 517- бабының бұзылуы байқалған.  Яғни шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуымен 248 шетелдік азамат жауапқа тартылды.

Еліміздің 64 азаматына шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке не заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік кодекстің 519-бабында көзделген ережелерді елемей, оларға қатысты тиісті шаралар қабылдаған 7 құқық бұзушы анықталды.

Сот заң бұзушыларды Қазақстаннан шығару туралы 17 үкім шығарды.                                                                               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу