Мұның себебін журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімнің өзінен сұрап көрді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өңір басшысының айтуынша, кей әріптестеріне "кет, орныңды босат!" деп айтуға себеп бар болған. Солай бола тұра, көбі өз еркімен жұмыстан кеткен көрінеді.
– Жасырмаймыз, кейбір әріптестерімізге "кет" деп айтуға тура келді. Себебі, Президентіміздің қойған тапсырмаларының, бағдарламаларының уақытылы орындалмауы кесірінен солай айтуға тура келді. Бұл мәселе, бір жыл емес, бірнеше жылға созылып келе жатыр. Сондықтан, кейбір әріптестерімізді ауыстыруға мәжбүр болдық. Кейбіреулері өзі "жұмыстан кетеміз" деді, "кетемін" деген адамды қалай ұстап қаласың? Келісім беруге тура келді, – деді әкім.
Брифинг барысында облыс әкімі басқарма басшыларына да талаптың күшейгенін айтып өтті. Сондай-ақ, БАҚ өкілінің "Сіз талапшылсыз ба?" деген сұрағына да жауап берді.
– Бұрынғыдай емес, қазір келетін басқарма басшыларына да талап күшейген. Жеке сапасы бойынша емтихан тапсырады, кейбір адамдар одан өте алмай жатыр, енді бірі өтіп жатыр.
Тағы да айтып кетейін, "кет, орынды босат!" деп айтуға тура келген жағдайлар болды, көпшілігі өзінің еркімен арыздарын жазып кетіп қалды. Мен талапшылмын ба, әлде талапшыл емеспін бе білмеймін, оны қарамағымдағы кісілер айтатын шығар, – деп нақтылады Нұрдәулет Қилыбай.