Маңғыстау облысының басшылығы құны 619 млн теңге болатын балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы жобасын жүзеге асыру үшін инвестор іздестіріп жатыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова.
"Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыру көзделген. 320 балаға шақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені Кендірліде салынады. Құрылыстың мерзімі – 2 жыл. Қазір инвестор іздестіріп жатырмыз", – деді Гүлжан Байжауынова.
Кендірлі аймағы, Жаңаөзен қаласынан 70 шақырымдай жерде, Каспий теңізінің таязсулы шығанағында орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу