Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тану ұсынылды

Арал теңізінен зардап шеккен аймақтарды анықтау үшін комиссия құру қажет.  

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тану ұсынылды Фото: gov.kz

Сенатор Бекбол Орынбасаров Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тануға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, халық денсаулығының нашарлауы, топырақтың тұздануы мен шаңды дауыл, осы факторлардың барлығы Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған.

Сонымен бірге, сенатор Бейнеу өңірі тұрғындарының құқықтары жеткілікті деңгейде қорғалмағанын атап өтті. Арал өңірінің қазақстандық бөлігі "экологиялық апат аймағы" деп танылды, оның құрамына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, сондай-ақ Ақтөбе облысының Шалқар ауданы кірді.

 "Арал теңізінің зардап шеккен аймақтарын анықтау, аумақтардың экологиялық жағдайын талдау үшін комиссия құру қажет.  Сондай-ақ, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағын заңнамада көрсетілген экологиялық аймаққа жатқызу қажет", - деді ол.

Ал, сенатор атап өткендей, табиғи өмір сүру жағдайының өзгеруі нәтижесінде аудан тұрғындарының онкологиялық, туберкулез, аллергия, гипертония, асқазан-ішек жолы аурулары саны артып отыр. Ана мен бала өлімі де көбейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу