Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

1827

Жамал Жаманбаева елдегі ТЖ кезеңі аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарды.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің келісімімен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне конкурстың нәтижесі бойынша Жамал Жаманбаева тағайындалды.  Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамал Әбдібекқызы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында дүниеге келген. 1988 жылы емдеу ісі, дәрігер мамандығы бойынша Алматының мемлекеттік медицина институтын тамамдаған.

Еңбек жолын Жаңаөзен қалалық ауруханасының перзентханасында акушер-гинекология жөніндегі дәрігері қызметінен бастаған.

Бейнеу орталық аудандық ауруханасының емдеу істері жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, Бейнеу орталық аудандық ауруханасының әйелдер босанатын бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перзентхана" МКҚК дәрігер акушер-гинекологы, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталық" МКҚК дәрігер акушер-гинекологы, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтау қалалық перзентханасы" МКҚК директоры, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК директоры қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Әбдібекқызы елдегі төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу