Маңғыстау облысының мектептерінде жылыжай өсіру қолға алынды

1289

Маңғыстау облысының мектептерінде жылыжай өсіру қолға алынды

Маңғыстау облысындағы мектептерде жылыжай өсіру қолға алынды, деп хабарлайды khabar.kz.

Биылдың өзінде онға жуық мектептің жанынан жылыжай ашылып, алғашқы өнімін бере бастады. Көкөніс пен жемістерді оқушылардың өздері баптап күтуде. Еңбектің арқасында балалар тегін тамақтанып жатыр. Жылыжай өнімі бірінші кезекте мектеп асханасына жіберіліп, артылғаны арзан бағамен ауыл тұрғындарына сатылады.

Мұнайлы ауданындағы №11 мектептің 10-сынып оқушылары жазғы демалыстарын білім ордасының жанындағы жылыжайда өткізуді ұйғарыпты. Еңбек лагеріне 30 бала қабылданды. Олар кезекпен көкөністерді суарып, баптап, күтуде. 
300 шаршы метр жерде қияр, қызанақ, аскөк, қырыққабат пен құлпынай өсіп тұр. Жылыжайдың ішіне жылу батареялары орнатылған. Тоқ көзін үнемдейтін жарық шамдар қойылды. Жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан. 24 млн теңге жұмсалыпты.
Мектеп басшылары жылыжай өнімінен түскен қаржыға суды үнемдеу мақсатында тамшылата суару жүйесін қондырмақшы. Қалған қаржы мектептегі қайырымдылық шараларына жұмсалмақ. Алдағы күзден бастап лимон, құрма сияқты сирек кездесетін жеміс ағаштарын отырғызып, жылыжайды дамыту көзделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу