Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар жолдарында "электр бақташы" орнатылды

1248

Маңғыстау өңірінде жануарларды үркітетін "электр бақташы" (электропастух) құрылғысы орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz “ҚазАвтоЖол” баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар жолдарында "электр бақташы" орнатылды

Бұл құрылғы жануарларға қауіп төндірмейді (тоқ күші шамамен 12 вольт). Орнатылған құрылғының жалпы ұзындығы – 25 шақырым. Құрылғы "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолы мен "Жетібай-Жаңаөзен" тас жолы бойында орнатылды.

Ал былтыр республикалық маңызы бар автожолдар бойына 14 дана үй жануарларының муляжы (түйе, жылқы) және 13 000 м жол қоршаулары қосымша орнатылған. Муляждар жүргізушілерге мал жүруі мүмкін екенін еске салуға арналған.

Жол қоршауларына келетін болсақ, олар "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 673-674 шқ 400 метр, 709  шқ 2200 метр, 729 шқ 400 метр, 738 шқ 422 метр, ал "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы" автожолының 51-56 шқ 9450 метр орнатылды.

Биыл (Ман-Ата, Беки, Жармыш) сияқты жолдардың басқа учаскелері де аталмыш жұмыстармен қамтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу