Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Маңғыстау облысының шекарасы Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен аумақтық сулардың сыртқы шегін өлшеуге арналған негіздік сызықтар арасындағы жерлерді ( 1 638 837,5075 га) Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен өзгертілсін", – делінген құжатта.
Маңғыстау облысының шекарасына енгізілген өзгерістер:
- Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
- Солтүстік-Шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
- Оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
- Оңтүстік-шығыс шекара Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
- Батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.
Маңғыстау облысындағы аумақтық сулар (теңіз) ені бойынша облыс шекарасынан бастап бастапқы сызыққа дейінгі аумақ мынадай:
- Ақтау қаласы бойынша 87171,2282 гектар;
- Бейнеу ауданы бойынша 81805,1200 гектар;
- Қарақия ауданы бойынша 513287,6044 гектар;
- Маңғыстау ауданы бойынша 150105,7313 гектар;
- Мұнайлы ауданы бойынша 49808,5611 гектар;
- Түпқараған ауданы бойынша 756659,2625 гектар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу