Маңғыстау облысының тауар айналымы 4,5 миллиард доллардан асты

1037

Маңғыстау облысының тауар айналымы 4,5 миллиард доллардан асты

Маңғыстау облысы экспорттық-импорттық операцияларды әлемнің 89 елімен жүзеге асырады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Абдықадыров баяндады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы  4 556,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өскен. Сыртқы сауда теңгерімінің оң сальдосы 4 006,6 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, 2018 жылға қарай аймақ бойынша тауарлар экспорты 28,7 млн АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.

Аймақтағы экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілді. 2017 жылы АҚ "Қазазот", "Экспорттаушы-2020" желісі бойынша жалпы сомасы 6,0 млрд теңге жеңілдікпен кредит берілді (9,0%). Астық терминалы "Ақ-бидай" "Экспорттаушы-2020" бағдарламасы аясында шетелдегі инвестицияларды сақтандыру құралын пайдаланды. Өнімділік 2020 бағдарламасы шеңберінде "Қазазот" ЖШС индустриялық-инновациялық жобаны әзірлеуге және сараптауға арналған жоспарын жасақтауға жұмсалған 3 млн теңге шығынын мемлекет өтеді. Өнімділік 2020 бағдарламасы шеңберінде АО "Arcellor Mittal Products Aktau" АҚ құзыреттілігін арттыруға жұмсалған 14 млн теңге шығындарын мемлекет өтеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы Маңғыстау облысы бойынша табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Сержан Сихымбекұлы мәлімдеді. Осы жылдың 1 қаңтар айынан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 50 өтініш түсті. Көбінесе тұтынушылар құқықтарының бұзылуы сапасыз тауар сатып алумен, сапалы қызмет көрсетілумен байланысты болады.Облыс тұрғындары көбінесе сапасыз тауарды қайтарып беру, жиһазға тапсырыс бергенде сапасыз қызмет түрін алу сияқты мәселелермен кездеседі. 

Жиында транспорт пен логистиканы цифрландыру туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әліби Көшірбаев баяндама жасады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында әуе, теміржол, теңіз және жолаушылар тасымалы жұмысында цифрландыру бағдарламасы қолданылады.Автобус паркін жаңартқаннан кейін, жолаушылар тасымалы мен электрондық билеттерді бақылау жүйесі - "InfoBus" мобильді қосымшасы іске қосылады.Бұл жүйе көлік құралдарының қозғалысын, оның белгіленген бағдардан ауытқуын, көрсетілген бақылау нүктелерінің нақты келуін, тоқтау уақытын және сапар уақытын қадағалауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу