Маңғыстау облысының теміржол саласында негізсіз қаржы бөлу дерегі анықталды

452

Тексеру жұмыстары жүргізілді.

Маңғыстау облысының теміржол саласында негізсіз қаржы бөлу дерегі анықталды Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласына жүргізген мониторинг барысында анықталған проблемалық учаскелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты мәселелер бар.

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы 1334 жол-құрылыс материалдарын іріктеп алып, оның ішінде 218 сынама нормативті құжат талаптарына сай келмейтінін анықтады. Нәтижесінде 142 сынама бойынша кемшіліктер жойылып, 76 қайта тексеруден өткізу мәселесі қойылды.

Сондай –ақ, 2022 жылдың соңында "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ-на бағынысты мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

“2016-2022 жылдары Маңғыстау облысында темір жолдарды күрделі жөндеуден өткізу барысында нормативтік параметрлер мен талаптарды сақтамау фактілері анықталып, мемлекет қаражаты негізсіз бөлінгені анықталды. Аталған сала бойынша 15 ұсыныс беріліп, қазіргі уақытта оның 12-сі орындалды”, – дейді Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шамурайт Шаменов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу