Маңғыстау облысының тұрғындары коммуналдық қызметтерге 800 млн теңге қарыз

537

Осылайша, маңғыстаулықтар коммуналдық қызметтерді тұтынған борышкерлері жағынан еліміз бойынша 4-орында.  

Маңғыстау облысының тұрғындары коммуналдық қызметтерге 800 млн теңге қарыз

Алғашқы қатарда Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары 2,5 млрд теңге қарызбен тұр. Шымкент тұрғындарынан 1,7 млрд теңгеге жуық қаражат өндірілуі керек. Одан кейін 1,2 млрд теңге қарызы бар Абай облысы бар. Ең аз қарыз атыраулықтар – барлығы 16 млн теңге.

Маңғыстауда қарыздардың басым көпшілігі кәсіпкерлік нысандарда, коттедж иелерінде екені белгілі. Жылыту маусымына дайындық басталған тұста бұл жағдай ерекше назар аудартып отыр.

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің жылу электр станциясы энергоблоктарды апаттық жағдайда жиі өшіріп, тұрақсыз жұмыс істейтіні байқалады. Оны уақытылы реттеу үшін қарыздарды төлеу қажет, – дейді мамандар.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу