Ертең, 29 қыркүйекте Маңғыстау облысының тұрғындарынан "Қазмұнайгазбен" келісім жасасқан БАӘ-нің ірі порт-өнеркәсіп операторы Abu Dhabi Ports-қа жұмысқа орналасуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Эмираттық компанияға жұмыстың ерекшелігіне байланысты теңіз аймағынан мамандар қажет. Іріктеу 35-тен астам мамандық бойынша жүргізіледі. Оның ішінде боцман, матрос, сүңгуір супервайзері, сондай-ақ механик, электрик, дәнекерлеуші, суретші, құмдаушы, инженер.
"Міндетті шарт – ағылшын тілін білу. Abu Dhabi ports Company өкілдерінің тікелей қатысуымен іріктеуден сәтті өткен кандидаттар ағылшын тілінің жеделдетілген курстарына шақырылады, содан кейін оларға ресми жұмысқа орналасуға жолдама беріледі", – деді ҚМГ баспасөз қызметі.