Маңғыстау облысының тұрғындарынан мүлік салығы бойынша 396 млн түсті

143

Мүлік салығын уақтылы төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламалар жіберілді, олар 30 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

Маңғыстау облысының тұрғындарынан мүлік салығы бойынша 396 млн түсті Фото: canva.com

2024 жылғы 1 қазанда 2023 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Маңғыстау облысының 200 мыңға жуық тұрғыны мүлік салығын 363 млн.теңгеден астам сомаға төлеуге тиіс болды. Өткен жылдарды ескере отырып, 22 қазандағы жағдай бойынша мүлік салығы бойынша бюджетке Маңғыстау облысының тұрғындарынан 396 млн. теңге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 63 мыңнан астам маңғыстаулықтың 92 млн. теңгеден астам сомаға берешегі бар (өткен жылдар үшін төленбегенін ескере отырып). Ақтау қаласының тұрғындары ең көп қарызға ие – 80 млн. теңгеден астам, ал Бейнеу ауданының тұрғындарының берешегі толығымен өтелді.

1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) астам берешектер бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін 30 жұмыс күнінен кейін мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салықтық бұйрықтар жіберіледі, олар 5 күннен кейін жеке сот орындаушыларына беріледі.

Жеке сот орындаушылары өз кезегінде берешек сомасына қосымша өз қызметтері үшін төлемді өндіріп алады, оның мөлшері салық берешегі сомасының 25%-на дейін болуы мүмкін.

Салық берешегінің бар жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында тексеруге болады (kgd.gov.kz) "барлық сервистер" бөлімінің "берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисінде, "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында және "электрондық қызметтер" бөліміндегі "SalyqBot" чат-ботында, сондай-ақ банктік қосымшалар арқылы.

Анықтамалық ақпарат алу үшін бірыңғай байланыс орталығының – 1414 (3) тегін нөміріне немесе салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу