Маңғыстау облысының тұрғыны жалған ақпарат үшін 73 мың теңге айыппұл арқалады

286

Қаулы күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының тұрғыны жалған ақпарат үшін 73 мың теңге айыппұл арқалады Фото: РИА

Сотта анықталғандай, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрнеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

“А.-ның ұялы телефонынан WhatsApp қызметі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алғаны туралы жалған, дәйексіз ақпарат таратқаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылған Ақтау қаласының тұрғынына 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу