26 шілде күні Мұнайлы ауданының тұрғыны ұсталды. 46 жастағы азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде ас қасықтан апиын есірткі заты табылды.
Сонымен қатар есірткіні қолдануға арналған қара түсті өнімнің бір данасы тәркіленді.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу