Маңғыстау обысында 12 жастағы бала көз жұмды

748

Қайғылы оқиға 1 маусымда болған.  

Маңғыстау обысында 12 жастағы бала көз жұмды Фото: gov.kz

Мұнайлы ауданында аулалардың бірінен мектеп жасындағы бала өлі күйінде табылған. Баланың қайтыс болғанын жедел-жәрдем станциясы растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған дерек бойынша адам өлімі фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерлер 2014 жылы туған баланың қайтыс болғанын жеткізді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментіне 1 маусым күні Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

– Алдын ала деректерге сәйкес, 12 жастағы жасөспірім аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиғаға ұшырап, өміріне қауіпті жарақат алған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу