Маңғыстау өңірінде үй құстарын жаппай егу шарасы басталды

477

Үй құстарына жаппай вакцина салу үшін 18 мыңнан астам екпе алынған.  

Маңғыстау өңірінде үй құстарын жаппай егу шарасы басталды Фото: bugin.kz

Аймақтағы Қаракөл көлінен өлі аққулар табылып, олардың құс тұмауынан қырылғаны анықталды. Осыдан кейін мамандар індеттің алдын алуға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Мамандар тек теңіз жағасына жақын аудандардағы үй құстарын егіп жатыр. Вакцинациялау тегін. Ветеринарлар көпшілікке құс тұмауының алдын алуға қатысты кеңестерін беріп жатыр. Егу шарасы шамамен 10 күнге жалғасады.

"Қазақстанның басқа облыстарында құс тұмауы тіркелмеген. Маңғыстауда да тіркелмеген еді. Бұл бірінші рет тіркеліп тұр. Сондықтан біз жедел қимылдап, екпені өте сақтықпен егіп жатырмыз. Бұл адамға жұғады. Сақтану керек. Егілген құстың етін 21 күнге дейін пайдалануға болмайды", дейді Мұнайлы аудандық ветеринарлық станция директорының орынбасары Әбжет Бекмурзин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу