Маңғыстау өңірінде вакцина алмаған балалар қызылша жұқтыруда

411

Тұпқараған ауданының Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдарында үш бала қызылша жұқтырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау өңірінде вакцина алмаған балалар қызылша жұқтыруда Фото: canva.com

Балалардың бәрі ауруға қарсы екпе алмаған.

"Қазіргі уақытта науқас балалар Ақтау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Ауданның қызылшаға қарсы егілмеген 1-30 жас аралығындағы тұрғындарына вакцинациядан өтуді ұсынамыз. Қызылшаның алдын алу әдісі – вакцина алу. Құрметті ата-аналар, балаларымызды қызылшадан қорғайық. Қызылшаға қарсы егу 1 жастан 6 жасқа дейін жүргізіледі", – деді Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу