Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды

569

Жолдың жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайды.  

Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды Фото: google

Күн райының жылынуына байланысты Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды. Наурыз айының ортасынан бастап жолшы мамандар күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылған республикалық маңызы бар “Құрық-Жетібай” тасжолында асфальт төсеу жұмыстарын қолға алды, деп жазады inbusiness.kz QazAvtoJol-ға сілтеме жасап.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жергілікті мердігер ұйым компаниясы атқарып жатыр. Биыл құрылыс жұмыстары тасжолдың екі учаскесінде жалғасады (0-40 шқ және 40-64 шқ аралықтары).

Қолға алынған құрылыс жұмыстарына 120 маман мен 90 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жол III техникалық санатқа жатады. Өңірдегі Қарақия және Маңғыстау аудандарын жалғайды.

Күрделі жөндеу жобасы аясында теміржол арқылы өтетін жол өтпесін салу көзделген. Жолшылар жол өтпесінің тірегін орнатты.

Сонымен қатар, биыл күре жолға жақын жерде арнайы базаның құрылысы басталды. Жолдың қасында орналасқан арнайы база қысқы уақытта жолды уақтылы әрі сапалы күтіп-ұстауға мүмкіндік береді.

Жол бойында жолаушыларға арналған демалыс алаңдары да салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу