Маңғыстау өңіріне қоқиқаздар ұшып келді

257

Қанаттылар Қаракөлде тұрақтайды. 

Маңғыстау өңіріне қоқиқаздар ұшып келді Фото: canva.com

Маңғыстау өңіріне қоқиқаздар ұшып келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының айтуынша, қоқиқаздардың көктемгі миграциясы басталды. Бүгінде шамамен 5 мың қоқиқаз келген. 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Жасқайрат Нұрмұханбетов көктемгі миграция ақпаннан наурызға дейін жалғасатыны айтты. Ал, күзгі миграция қыркүйек пен қазан айларында болады.

Қоқиқаз – "Қызыл кітапқа" енген жыл құсы. Қанаттылар "Қарақия" көлінде шамамен 15 күн болып, ары қарай тропикалық жылы аймақтарға ұшып кетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу