Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) несиелендіруге биыл 316 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды naryk.kz.
Ресми мәлімет бойынша, бұл өткен жылғыдан 24 пайызға артық.
Компанияның хабарлауынша, биыл қаңтар-мамыр аралығында АӨК-ті қолдауға 102,9 млрд теңге бөлінсе, бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен 7 пайызға кем. Компания басшылығының пікірінше, қаржыландыру көлемінің азаюына фермерлердің лизингке техника мен құрылғы алуының азаюы себеп болған.
Биыл алғашқы бес айда ҚазАгро 7 мыңдай шаруаға қаржылық қолдау берген. Бұл өз кезегінде 11 мың жұмыс орнын сақтап қалуға себеп болды.
Айта кетерлігі, берілген несиенің жалпы көлемінің 88,3 пайызы шағын және орта бизнестегі фермерлерге берілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу