Маңғыстау, Павлодар облыстары оң нәтиже көрсете алмады

830

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов құрылыс саласының қарқынына қатысты мәлімдеме жасады. 

Маңғыстау, Павлодар облыстары оң нәтиже көрсете алмады Фото: inbusiness.kz

Министр биылғы жылдың бірінші тоқсанында құрылыстың нақты көлем индексі 113,1%-ды құрағанын айтты, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. 

"Маңғыстау облысынан басқа 16 өңірде оң көрсеткіш тіркелді", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Министрдің мәлімдеуінше, биыл бірінші тоқсанда 2 млн 870 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 

"Республика бойынша барлығы 23 663 баспана пайдалануға берілді. Биыл 
17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.  Пайдалануға берілген үй көрсеткіші бойынша Павлодар облысынан басқа 16 өңірде өсім байқалды", –  деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу