Маңғыстау облысында прокурорлар 9 млрд теңге бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсамақ болғандардың жолын кесті. Заңсыздықтардың басым бөлігі артық шығын мен тауар бағасын негізсіз көтеруге байланысты анықталған. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокурорлар 9 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болғандарды анықтап, қабылданған шаралар нәтижесінде 121 жауапты тұлға тәртіптік, 34 әкімшілік жауапқа тартты.
"Заң бұзушылықтарының басым бөлігі тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажетттілігі жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөлуі. Осыған ұқсас заң бұзушылықтары облыстың барлық қала мен аудандарда да болып отыр", – делінген хабарламада.