Маңғыстау Шекара бекетінде үшем қызмет етеді

725

Олар келісімшарт бойынша қызмет атқарады.

Маңғыстау Шекара бекетінде үшем қызмет етеді Фото: Жағалау қызметі

Маңғыстау облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінде келісімшарт бойынша   Ағарыс, Бекарыс және Жанарыс есімді үшем сарбаз қызмет етеді.

Ағайынды Зекеновтар Жағалау күзетінің бірінші дивизионында бір жылдан астам уақыттан бері мерген лауазымында қызмет атқарады.

Олардың әскери қызметтегі басты міндеті—  бөлімшеге қарасты нысандарды күзету және әртүрлі нарядтарда қызмет атқару, атап айтсақ, ішкі қарауыл, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшілік, парк бойынша кезекшілік.

Әскеи қызметте өткерген қысқа мерзім ішінде  олар айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген,  бірінші дивизион командирі мен департамент бастығының грамоталарымен марапатталған. 

“Ағайынды Зекеновтар өте әдепті және адал балалар. Олар өздерінің қызметтік міндеттеріне адал және жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта үздік нәтиже көрсетеді. Менің ойымша, жігіттердің әскери қызметте болашағы зор”, - деп бөлісті Жағалау күзетінің бірінші дивизионы күзет тобының командирі Амантай Кошаков.

Ағарыс, Бекарыс және Жанарыс есімді бауырлардың байланысын бұдан да бекіте түскен әскердегі  қызмет екені сөзсіз. Болашақта ағайындылар ҰҚК Шекара қызметі академиясына оқуға түсіп, офицер болғысы келеді.

“Туыс болғасын, бала күнімізден біз әрқашан бірге болдық, бір мектепте және бір колледжде оқыдық, ал Отан алдындағы борышымызды өтеу  уақыты келгенде бір бөлімге қызмет етуді өтіндік. Біз бала кезімізден әскери болуды армандадық, сондықтан мерзімді қызметтен кейін келісімшарт негізіндегі әскери қызметке шақырту алдық”, - деді ағайындылардың бірі.

Кішкентай айырмашылықтарға қарамастан, ағайындылар бір-біріне өте ұқсас. Үш спортшы-Агарыс пен Бегарыс бала кезінен каратэ-до, ал Жанарыс самбодан спорт шеберіне үміткер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу