Маңғыстау тұрғын үй құрылысы бойынша алғашқы үштікке енді

630

2022 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Маңғыстау облысы елімізде Астана мен Алматыдан кейін үшінші орында тұр.

Маңғыстау тұрғын үй құрылысы бойынша алғашқы үштікке енді

Статистика бойынша, Маңғыстау облысында бір жыл бойы 867,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Айта кетейік, Маңғыстау облысы жан басына шаққандағы тұрғын үй көлемі жағынан Астанадан кейінгі екінші орынға тұрақтаған. Мәселен, 1000 адамға шаққанда 1150 шаршы метр тұрғын үй берілген. Елордада - 1613 шаршы метр.

Тұрғын үй салу бойынша қарқынды көрсеткіш - Ақтау қаласында. Шаһар әуежай бағытына қарай жылдам қанат жаюда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу