Маңғыстау тұрғыны бірнеше жыл бойы Өзбекстан азаматын құлдықта ұстаған

513

Шетел азаматын мал бағуға және үй мен қосалқы жұмыстарды орындауға мәжбүрлеген.

Маңғыстау тұрғыны бірнеше жыл бойы Өзбекстан азаматын құлдықта ұстаған

Маңғыстау облысының тұрғыны алдап, құжаттарды тартып алып, бірнеше жыл бойы 44 жастағы Өзбекстан азаматын еңбек құлдығына салған. 

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтады. 

"Ер адамды мал бағуға және үй мен қосалқы жұмыстарды орындауға мәжбүрлегені анықталды. Қыстау елді мекеннен 90 шақырым қашықтықта болды", - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Бұл факт ҚК-нің 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жәбірленушіге көмек көрсетілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу