Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша бірінші орында

670

Облыс орталығында көпбейінді аурухана мен жаңа жедел жәрдем станциясын салу үшін Мемлекет басшысы бюджеттен қаржы бөлуді тапсырды.    

Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша бірінші орында Фото: egemen.kz

Президент демографиялық өсім болған жерде міндетті түрде тиісті әлеуметтік инфрақұрылым да болуы қажет екенін алға тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Маңғыстау – бала туу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұрған өңір. Бұл – қуантарлық жайт. Сондықтан, демографиялық өсім болған жерде міндетті түрде тиісті әлеуметтік инфрақұрылым да болуы қажет. Себебі, ана мен бала денсаулығының мықты болуы – елдің даму көрсеткіштерінің бірі. Денсаулық сақтау жүйесі талапқа сай болуы керек. Сапалы медициналық қызмет облыстың барлық тұрғындарына қолжетімді болуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұнайлы ауданында орталық аурухананың құрылысы басталды. "Барлық аудандардың жедел жәрдем бөлімшелері ғимаратқа жарымай отыр", сол себепті Президенттің айтуынша, жедел жәрдем қызметтерін, санитарлық автокөліктерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету керек.

"Облыс орталығында көпбейінді аурухана және жаңа жедел жәрдем станциясын салу мәселесін қарастыру қажет. Үкіметке осы мәселелерді пысықтап, шешу үшін қаржы бөлуді тапсырамын", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу