Маңғыстау жанар-жағар май бағасы күрт өскен өңірлердің үштігінде тұр

837

Сарапшылар еліміздегі жанар-жағар майдың бағасын зерттеп шықты.

Маңғыстау жанар-жағар май бағасы күрт өскен өңірлердің үштігінде тұр

Нәтижесінде Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарында ай сайынғы бағаның өсуі байқалған. 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдарының құны бір айда 0,3%, ал бір жылда 2,5% өсті.

Көш басындағы Ақтөбе облысында ай сайынғы бағаның өсуі 6,1%, одан кейінгі орында Маңғыстау тұр. Ал тоғыз өңірде бағалар өткен ай деңгейінде қалса, Жетісу, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында жанар-жағармай құны төмендеген. 

Отын түрлері бойынша елімізде бензин, оның ішінде АИ-92 маркасының бағасы 0,7% төмендесе, АИ-98 және АИ-95/АИ-96 түрі 0,7% және 1,8% қымбаттады. Дизель отынының құны бір жылда бірден 14,2% өсті.

2022 жылғы желтоқсанда бензиннің бөлшек сауда бағасы АИ-92 үшін литріне 179 теңгені, АИ-95/АИ-96 үшін 212 теңгені және АИ-98 234 теңгені құрады. Бір литр дизель отыны жазда 238 теңгені, қысқы отын бірден 586 теңгені құрады.Үкімет жанар-жағар май нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларын қарастырып, отынды Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруды азайту үшін ішкі нарықта мониторинг пен бақылауды күшейтті. Осыған байланысты сұйық отынды есепке алудың цифрлық жүйесімен жанармай құю станцияларын толық қамтуды ұйымдастыру тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу