"Маңғыстау жарық" мекемесіне борышкерлер 500 млн теңгеден астам қарыз

505

Маңғыстау облысы тұрғындарының электр энергиясы бойынша жалпы берешегі 553 млн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маңғыстау жарық" мекемесіне борышкерлер 500 млн теңгеден астам қарыз

"Маңғыстау Жарық" ЖШС директоры Ермек Дәулетбақовтың мәлімдеуінше, соңғы уақытта электр энергиясын тұтынушылар төлемді уақытылы төлемейді.

"Шыққан шоттар бойынша төлемді уақытында және толық төлейтін тұтынушыларға алғыс айтқым келеді. Өкінішке орай, кейбір тұтынушылар төлемді мүлдем ұмытқан. Сондықтан да уақытылы төлем жасамайтын тұтынушыларға "Маңғыстау Жарық" ЖШС Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жазылған берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміне жүгінуге мәжбүр", - дейді Ермек Дәулетбақов. 

Компания өкілдері мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміне мемлекеттік және жеке нотариустар мен сот орындаушылары тартылатынын, тиісінше борышкер-тұтынушыдан төленетін сома борышты өндіріп алу жөніндегі қызметтердің құнына қосылып көбейе түсетінін де атап өтті.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу