Маңғыстау жерінде Нигерия азаматы дүниеге келді

1227

Жаңаөзен қаласында нигериялық ерлі-зайыпты нәрестелі болды. Ауруханада дүниеге келген баланың дені сау, салмағы 2 келі 700 грамм.

Маңғыстау жерінде Нигерия азаматы дүниеге келді

Шетелдік отбасы перзенттерін қалжыңдап "Адай" деп атайды екен. Сәбидің шын есімі — Джордж.

Әлеуметтік желіде жас ата-аналарды құттықтаған жергілікті халық көп. Олар балақайдың үлкен азамат болып өсуіне тілектес екендіктерін білдіріп жатыр. 

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар Жаңаөзен қаласында ағылшын тілінен сабақ береді.         

Алмас Қылыш   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу