"Осы жылдың басында республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы әуежайдан Ақтау қаласында дейінгі жолды қайта құрылымдау және қаладан демалыс аймағына дейінгі жолды жаңғыртуға, "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердің ішкі жолдарын салуға жұмсалады", - деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, әуежайдан Ақтауға және қаладан жылыжайға дейінгі жол құрылысы 80%-ға аяқталған.
"Жетібай-Құрық" тас жолын жаңғыртуға 11 млрд теңге бөлу туралы жобаны мемлекет қолдады. Бүгінде жоба мердігері анықталды, жұмыс жалғасып жатыр. 2022 жылы оны толық аяқтауға мүмкіндігіміз бар", - деді Серікбай Трұмов.