Маңғыстау жолдарында жүктерді тасымалдау барысында 400-ге жуық заңбұзушылық тіркелген

374

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында құрылыс материалын тасымалдау кезінде шекті көрсеткіштен асып кеткені үшін 300-ден астам жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау жолдарында жүктерді тасымалдау барысында 400-ге жуық заңбұзушылық тіркелген Фото: Ұлттық жол активтері сапалары орталығы

Бүгінгі таңда 400-ге жуық заңбұзушылық тіркелді. 

"Жыл басынан бері мамандар өңірлік көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп жолдардың жай-күйіне бақылау тексерулерін жүргізді. 300-ден астам жүк көлігі тоқтатылды. Таразыларды тексеру кезінде автомобильдің багаж бөліміндегі құрылыс материалының салмағы шекті нормалардан асып кеткені анықталды. Көлік құралдарының жүргізушілеріне әкімшілік хаттама жасалды. Жыл басынан бері өңірде осындай 400-ге жуық бұзушылық тіркелген. Жүргізушілерге айыппұл салынды. Мемлекет пайдасына 15 млн 594 мың теңге өндірілді. Бірнеше жүк көлігі айыппұл тұрағына жіберілді", - деп түсіндірді Ұлттық жол активтері сапалары орталығының өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Заңбұзушылықтар негізінен Ақтау-Жетібай-Шетпе тас жолдарында тіркеледі.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу