Маңғыстау жұрты ұшақ апатынан зардап шеккендерді Әзербайжанға шығарып салды

641

Ұшақ апатынан зардап шеккен 14 Әзербайжан азаматы мен күні кеше Ақтауға келген делегацияның 20 мүшесі өз елдеріне оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау жұрты ұшақ апатынан зардап шеккендерді Әзербайжанға шығарып салды Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Оның ішінде аман қалған екі бортсерік пен бір бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.

Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері барды.

Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу