Маңғыстауда 1 мың жасқа миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі

1707

 Жоғары білім аламын деген 175 түлекке облыс әкімі арнайы грант бөледі.

Маңғыстауда 1 мың жасқа миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі

Жаңа істің көзін тапқан маңғыстаулық 1 мың жасқа 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі. Әлеуметтік жобаны облыс әкімдігі мен Бүкіләлемдік банк іске асырады, деп хабарлайды 24.kz.

Осылайша, бірі наубайхана, енді бірі шаштараз ашып, өзін ғана емес, өзге де қатарластарын жұмыспен қамтиды. Жоғары білім аламын деген 175 түлекке облыс әкімі арнайы грант бөледі.

Сонымен қатар Ақтауда 3 мың орынға арналған 3 жатақхана салынады. Ал мектептерде кәсіп таңдауға бағыт беретін арнайы кабинеттер ашылады.

"Кеңес алаңы" деген жобамыз бар. Бұл жобаның мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру. 7-20-25, баспана, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, тегін кәсіптік білім беру барлық бағыттағы негізгі салалардың мамандарын алып, жастар көп шоғырланатын, халық көп жүретін жерлерге барып, тегін кеңес беріледі", – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу