Маңғыстауда 1 шілдеден бастап теміржол вокзалы "Аshyq" жобасына қосылады

1359

Ақтау халықаралық әуежайы 7 маусымнан бастап ресми түрде жобаға қосылды.

Маңғыстауда 1 шілдеден бастап теміржол вокзалы "Аshyq" жобасына қосылады

Маңғыстауда 1 шілдеден бастап теміржол вокзалы "Аshyq" жобасына қосылады. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Санитариялық эпидемиологиялық-бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1 шілдеден бастап "Аshyq" жобасына Маңғыстау теміржол вокзалын қосу жоспарлануда. Бұл шара короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтып, жұқтыруға әкелетін байланыстар санын қысқартуды көздейді. Ал Ақтау халықаралық әуежайы 7 маусымнан бастап ресми түрде жобаға қосылды. 4 маусымнан бастап тесттік режимде жұмыс жасап бастады. Қазіргі таңда 11 307 сканерлеу жүргізілді, нәтижесінде 2 қызыл, 3 сары анықталды",– деді Гүлнар Көркінбаева.

Гүлнар Көркінбаеваның айтуынша 12 маусымнан бастап келушілерді QR-код бойынша тіркеудің нөлдік көрсеткіші бар жобаның 43 қатысушысы "ASHYQ" жобасынан 2 апта мерзімге шығарылған. Ал 20-дан төмен QR-код бойынша тіркеудің көрсеткіштері бар 95 кәсіпкерлік нысанға ескертпе жұмыстары жүргізіледі. "Ashyq" жобасының 272 қатысушысы әкімдік сайтына жарияланды, 11 кәсіпкерлі нысандары тесттік режимде жұмыс жасауда. 6 кәсіпкерлік нысандары мониторингтік рейд нәтижесінде 2 аптаға жобадан шығарылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу