Маңғыстауда 11 мыңнан астам газталдағыш құрылғысы орнатылды

1213

Газталдағыштарды (газоанализатор) орнату – табиғи газбен уланудың алдын алуда ең тиімді тәсіл.

Маңғыстауда 11 мыңнан астам газталдағыш құрылғысы орнатылды

Маңғыстау облысында бүгінге дейін тұрғын үйлер мен пәтерлерде 11 410 газталдағыш құрылғысы орнатылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов мәлім етті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Оның айтуынша, газталдағыш (газоанализатор) құрылғыларын орнату – табиғи газбен уланудың алдын алатын ең тиімді тәсіл.

"Тұрғындардың үйіне газ талдағыш құрылғыларын орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті бюджеттен 800-ге жуық арнайы құрылғы сатып алынды. 200 газталдағыш Бейнеу ауданында, тағы 300 Түпқараған ауданында орнатылған. Қосымша 300 құрылғыны Қарақия ауданының тұрғын үйлеріне орнату жоспарланып отыр", - деді Мұрат Мұханов.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында жыл басынан 44 өрт тіркелген. Мұрат Мұханов мәлім еткендей, өрт барысында 5 адам құтқарылып, 168 адам эвакуацияланды. Өрт нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды. Ал улы газдан улану салдарынан 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Тұрғын үй секторында 17 өрт оқиғасы, автокөлікте 15 өрт оқиғасы тіркелді.

"Жылыту маусымына дайындық кезеңінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы 3 мыңнан астам үйді есепке алды. Тиісті мамандар үйлерді аралап, рейд жүргізді. Тексеріс нәтижесінде 625 үйде 749 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары анықталып, сол жерде жойылды", - деді Мұрат Мұханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу