Маңғыстауда 12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

626

Күдікті осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда 12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды Фото: vesti.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының тумасы – 54 жастағы әйел ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болған.

Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.

"Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары оны Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу