Маңғыстауда 136 адам ағза ауыстыруға мұқтаж

979

136 адамның ішінде ең көбі бүйрек сырқатына ұшырағандар.

Маңғыстауда 136 адам ағза ауыстыруға мұқтаж

129 адам бүйрек беретін донор күтіп отыр. Ал 4 науқасқа бауыр ауыстыру қажет болса, 5 адам жүрек донорына зәру. Резерв тізіміне енгендерге өңірден ағза беруге бірде-бір адам табылмай отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ағзаға мұқтаждардың бірі – кішкентай Әмина. 1 жасқа толмаған бүлдіршіннің шұғыл түрде жүрегін ауыстыру қажет. Мұндай ота тек Үндістанда жасалады. Оның құны да қымбат. 80 мың доллар қаражат керек.

"Менің қызымның жүрегі өз қатарластарынан үлкен. Туғаннан сырқат болған жоқ. Жөтелі асқынып, жүрекке шапты. Қазақстанда сәбилердің ағзасын ауыстыруға тыйым салынған. Тек Үндістанда ғана жасалады. Қазақстан Үкіметі осы мәселені шешуі керек деп ойлаймын. Сонда сәбилер өліп кетуі керек пе? Үндістанға бара алмайтындар не істейді?", – деп қынжылады науқастың анасы.

"Соңғы 10 ай ішінде 11 науқас кезектен шығарылды. Олар донор табылмауы салдарынан көз жұмды. Оған Маңғыстауда туыстарының донорлыққа келісім бермеуі себеп. Негізінен діни көзқарастың, ұстанымның қаталдығынан адам ағзасын зәру адамға беруді дұрыс емес деп санайтындар көп. Комаға түскен сырқаттардың жақындарынан ағза беруді сұрағанда бас тартады", – дейді Маңғыстау облысы бойынша ағза ауыстыру қызметінің үйлестірушісі Индира Аманқосқызы.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу