"Фламинго", "Жылы жағажайдағы жазғы демалыс" лагерьлерінде жазда аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан үш мыңға жуық бала демалуда.
Маңғыстау облысы білім басқармасының бас маманы Орынгүл Мамутованың айтуынша жазғы лагерьге 1-10 сынып оқушылары жолдама алған.
Осылайша, өңірдің 92 мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған 92 мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылған.
- "Фламинго" лагерінде Қазақстан халқына қоғамдық қорынан бөлінген арнайы квота аясында 1410 баланың демалысы жоспарланған. Қазіргі таңда үшінші ауысымда 350 бала өз уақытын тиімді өткізуде,- деді Орынгүл Мамутова.
143 627 баланың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді ұйымдастырудың төрт бағыты бар:
- Жұмыспен қамту бағыты: 4 982 баланы қамтитын "Жасыл ел" көгалдандыру және аббаттандыру бригадасы;
- Шығармашылық бағыт: 17 мың баланы қамтитын әртүрлі мекемелердегі 131 клубтар мен үйірмелер, 23 мыңнан астам баланы қамтитын 55 аула клубы;
- Спорттық-туристік бағыт: 62 мыңнан астам оқушы жорықтарға, экскурсияларға, туристік таныстыру сапарларына, экспедицияларға (археологиялық, экологиялық, өлкетану)қатысады;
- Зияткерлік бағыт: "Жас ұлан","Жас қыран"топ мүшелерінің көшбасшылары активінің жазғы мектептері, сондай-ақ 36 мыңнан астам баланы тегін қамтитын жазғы тілдік мектептер, пікірсайыс үйірмелері бар.