Маңғыстауда 165 қызметкердің 29 млн теңге жалақы қарызы өтелді

174

Прокуратура еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорынға қатысты шара қабылдады.  

Маңғыстауда 165 қызметкердің 29 млн теңге жалақы қарызы өтелді Фото: sputnik.kz

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының орындалуына жүргізген талдау нәтижесінде қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жұмыс беруші жалақыны айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Тексеру барысында "Тұрмыс-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 165 жұмыскерге еңбекақыны уақытылы төлемегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде қызметкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, кәсіпорын жұмысшылар алдындағы 29 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегін толық өтеді.

Сонымен қатар жалақыны заңда белгіленген мерзімде төлемегені үшін кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу