Соңғы мәліметтер бойынша, облыс көлемінде 2017-2018 жылдары жер учаскесінің пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты қайтарылған және игерілмеген көлемі 26413,87 гектарды құрайтын 452 жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды egemen.kz.
Жалпы көлемі 20733,2054 га болатын барлығы 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Жердің мақсаттық нысанын ауыстырып, басында белгіленген жоспардан басқа нысан салып қою дерегі жиілеген. Әсіресе, Түпқараған мен Мұнайлы аудандарында осындай заңбұзушылық көп кездеседі. Сонымен қатар, Бейнеу ауданында заңсыз берілген жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоғарыда аталған заң бұзушылықтарға жол берген жер саласына жауапты аудан әкімдерінің орынбасарларын жер, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде тапсырма берілді.
Ал Жаңаөзен қаласында 18 жер учаскесі бойынша сот процесі жүріп жатыр.
Бүгінде облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандар саны 166 312 адамды құрайды. Қазіргі кезде барлық елдімекендердің бас жоспарлары жасақталған. Олардың ішінде Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жеке тұрғын үй құрылысы үшін алаңдар қаралмаған, басқа аудандар бойынша бас жоспарында 26820 учаске қаралған.